Елорда • 11 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтандағы мектеп маңында екі баланы көлік қағып кетті

992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы мектеп маңында екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтандағы мектеп маңында екі баланы көлік қағып кетті

Бүгін, 11 қыркүйек күні сағат 10.30-да  "Kia" автокөлігіндегі жүргізуші кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнында жәбірленгендер 2019 жылы туған баласы бар әйел және 2012 жылы туған кәмелетке толмаған қызы екені анықталды.

"ЖКО нәтижесінде екі бала дене жарақатын алды. Әйел зардап шеккен жоқ. 7 жасар бала алған жарақаттарынан кейін қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, 2019 жылы туған екінші бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді", деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір аталған факт бойынша анықтау жүргізілуде.