Айта кетейік, қауіп-қатер тобына кіретін екі миллион қазақстандық тегін вакцинацияланады. Ал қалған 16 миллион азамат вакцинаны өз бетінше сатып алуға мәжбүр.
Аталған жағдайға байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов жауап берді. Оның айтуынша, қазірге орыс, француз вакциналары бар. Құны 2100 теңгеден 4500 теңгеге дейін. Кез келген қазақстандық оны сатып алуға болады.