Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 11,0 мың гектар майлы дақылдардың 7,1% яғни, 10,5 мың тонна өнімі жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 9,6 центнерден айналды. Картоп, көкөніс және бақша дақылдары 51,3 мың гектар алқаптан 1 264,7 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Ол 66,6% пайызды көрсетеді. Өнімнің орташа өнімділігі гектарына 246,4 центнерді көрсетті.
Жиналған астықты қабылдау үшін сыйымдылығы 771 мың тоннаны құрайтын 265 астық қоймасы, оның ішінде 58,6 мың тонна сыйымдылығы бар 2 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар.
2021 жылы егін жинау үшін 99,1 мың тонна ауылшаруашылық тұқымы немесе қажеттіліктің 42,1% толтырылды. Оның ішінде астық – 63,4 мың тонна (80%), мал азықтық дақылдар – 0,4 мың тонна (42,6%), картоп – 35,3 мың тонна (25%).
Мал азықтық дақылдар үшін 2816,7 мың тонна пішен (100%) 443,8 мың тонна пішен (82,9%), 488,5 мың тонна сабан (72,8%), 349,1 мың тонна жемшөпке арналған дән және 93,6 мың тонна (51,8%) сүрлем жиналды.
Облыста ауылшаруашылық жұмыстарына 15 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылған. Бұл ретте, Энергетика министрлігі күзгі дала жұмыстарын арзан отынмен қамтамасыз ету үшін 19,2 мың тонна дизель отынын бөлді. Жанар-жағармай материалдарын жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары нарықтан 5 мың тонна дизель отынын дербес сатып алды.
Күзгі дала жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Егінді сапалы жинау жұмысы тікелей облыс басшылығының бақылауында.