Экономика • 11 Қыркүйек, 2020

Renaissance Capital: ҚР экономикасы небәрі 1,8%-ға қысқарған

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Renaissance Capital инвестициялық компаниясы Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша бағалау мен болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Renaissance Capital: ҚР экономикасы небәрі 1,8%-ға қысқарған

Компанияның хабарлауынша, сәуір-мамыр және шілде-тамыз айларындағы ішкі карантиннің екі толқынынан кейін Қазақстан экономикасы қайта қалпына келуде. Оның ішінде, осы жылдың тамыз айында PMI өндірістік индексі 49,9 бейтарап мәніне дейін өссе, қызмет көрсету саласы үшін PMI индексі 46,0-ге жеткен.

"Халықтың қалыптасып жатқан ұжымдық иммунитеті, вакцинаны әзірлеу мен бейімдеудегі ілгерілеу, сондай-ақ Үкіметтің денсаулық сақтау жүйесін күшейту жөніндегі шаралары қатаң карантинді қайта енгізу қаупін азайтады", дейді компания өкілдері. 

ТМД+ контекстінде карантин шараларымен байланысты жалпы шығындар пандемия көріністеріне салыстырмалы түрде  нақты сектордың тұрақтылығының, Үкімет тарапынан вирустың таралуын шектеу бойынша уақтылы және тиімді шаралардың үйлесуінің арқасында қалыпты деңгейде қалып отыр.

2020 жылдың бірінші жартысында ҚР экономикасы небәрі 1,8%-ға қысқарды. Қысқару қарқыны Ресей Федерациясымен салыстырғанда екі есе төмен.

Компания 2021 жылы өсу қарқынының 5,1%-ға дейін қалпына келтірілетінін болжайды. Өсу қарқыны бойынша орташа және ұзақ мерзімді болжам 4-4,5% аралығында.