Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2020

"Qazsport" телеарнасында Жақсылық Үшкемпіров апталығы басталды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 12 қыркүйек - қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтың өмірден өткеніне 40 күн толды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Qazsport" телеарнасында Жақсылық Үшкемпіров апталығы басталды

Осыған байланысты "Qazsport" телеарнасы көрерменге Үшкемпіров апталығын ұсынады. Онда қазақстандық көрермендер мен спорт жанкүйерлерінің назарына әлем чемпионының көзі тірісінде түскен "Қазақстан" телерадиокорпорациясының бейнеқорында сақталған жобалар ұсынылады. 

Бағдарламалар кестесі: 
12 қыркүйек 11:50 "Алтын бастау" деректі фильмі
13 қыркүйек 17:05 "Келбет"
14 қыркүйек 09:40 "Менің Олимпиадам"
15 қыркүйек 11:55 "Сен де бір кірпіш дүниеге..."
16 қыркүйек 10:15 "Дара жол"
17 қыркүйек 11:45 "24 сағат табиғат құшағында".