Қоғам • 12 Қыркүйек, 2020

Аида Балаева: Жолдаудың барлық бағыты қоғамның сұранысына жауап береді

86 рет көрсетілді

Елордада Президенттік кадрлық резервтегі жастар бірқатар министрмен кездесу өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда іріктеліп, резервке енген жастармен кездесуге Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин, сондай Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин шақырылған.

Басқосудың басты мақсаты – Президент Жолдауын талқылап, алдағы уақытта Президенттік жастар кадрлық резервін дамытып, жүзеге асыруды жоспарлау. «Президент Жолдауының бірегей сипаты бар.

Себебі ол қазіргі Қазақстанды жүйелі түрде трансформациядан өткізудің кешенді шараларынан тұрады. Әлбетте оны тиімді түрде жүзеге асыру үшін мемлекет пен қоғам бірлесе еңбек етуі керек.

Ең бастысы қоғамға Жолдаудың негізгі аспектілерін, оны іске асырудың нақты жоспарлы шараларын жеткізе білген абзал. Бұл бағытта Жолдауды түсіндіру жұмыстары қызу жүргізіліп жатқанын атап өту керек», - деді Аида Балаева жастармен кездесуі барысында. Министрдің айтуынша, әр адамның осы кешенді шараларға атсалысуы – Жолдауды жүзеге асырудың барынша сәттілігін көрсетеді.

96

"10 күннің ішінде Жолдаудағы талқылауға қатысты қаншама кездесу мен басқосу өтті. Республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мыңға тарта материал жарияланды. Сарапшылар Жолдаудың көп бөлігі бұған дейінгі азаматтардың өтінімдерін ескергенін көрсететінін айтады. Яғни бұл дегеніміз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Демек қоғаммен өзара тығыз қарым-қатынас бар. Мемлекет халықтың үніне құлақ асып отыр. Жолдаудың 11 бағыты да қоғамның сұранысына жауап береді", деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар