Әлем • 12 Қыркүйек, 2020

Арменияда карантин 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін ұзартылды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арменияда карантин шаралары 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Арменияда карантин 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін ұзартылды

Агенттіктің хабарлауынша, Арменияда 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін төменде көрсетілген шектеулер енгізілді. Армения Республикасының азаматтары емес адамдар үшін құрлық шекарасының бақылау-өткізу пункттері арқылы Армения Республикасының аумағына кіруге тыйым салынады. Тек төмендегі кейбір жағдайларда елге кіруге рұқсат беріледі:

– Армения Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері және Армения аумағында заңды негізде тұруға құқығы бар адамдар.

– Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен олардың отбасы мүшелері.

– Жерлеу рәсіміне қатысу мақсатында келген адамдар, олар қайтыс болған адамның жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, баласы, әпкесі, ағасы) болған жағдайда.

– Мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер, жүк пойыздарының жылжымалы құрамдарының машинистері (оның ішінде жүк автомобильдері мен жүк пойыздарының жылжымалы құрамдарын түсіргеннен кейін Армения Республикасының аумағынан кететіндер).

– Жедел сипаты мен кіру қажеттілігін, сондай-ақ осы елдердегі (аумақтардағы) эпидемиялық жағдайды ескере отырып шекара әскерлерінің қолбасшысы. Армения Республикасының аумағына кірген кезде адамдар инфекция немесе симптомдарының болуына инспекциялық еңбек және денсаулық сақтау органы тарапынан жедел медициналық тексеруден өтеді.