Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2020

Қазақстандағы жолдардың 88%-ның жағдайы қанағаттанарлық

7 рет көрсетілді

Елімізде жолдардың 88%-ның қолдану жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Елімізде жалпы ұзақтығы 24 мың шақырым жол бар, бүгінде соның 88%-ның жағдайы қанағаттанарлық. Жолдардың сапасына келсек, оны тексеретін 5 сатыдан тұратын өзінің тәртібі бар. Атап айтқанда, мердігер, автор, техникалық қадағалау, сапа орталығы және соңында тапсырыс берушінің өзі тексеруден өткізеді. Сонымен қатар бұрын жол сапасының кепілдік мерзімі 2-3 жыл болса, енді ол 5 жылға дейін ұзартылды. Яғни жаңадан салынған жолдан 5 жыл көлемінде ақау табылса, онда мердігер компания өз қалтасынан қайта жөндейді. Ал 5 жыл бойы жолды қайта жөндеу компанияға тиімсіз, осы орайда бұл талап жауапкершілікті арттырады деген үміттеміз", деді Ұлан Әліпов.

Оның айтуынша, елімізде жолдар жылына 2 рет тексеруден өтеді.

"Тексеру барысында жолдан ақау табылса, біз онда жауапты мердігер компанияға хабарласып, кемшіліктерді түзетуға уақыт береміз. Егер белгіленген мерзімде кемшілік түзетілмесе, ол компанияның біздегі кепілдік қаржысы ұсталады. Жалпы елімізде республикалық маңызы бар жолдарды салатын және жөндейтін 20-ға жуық компания бар, ал өңірлердің өз компаниялары бар. Жолға қатысты айтып өтетін тағы бір мәселе, біз тек республикалық маңызы бар жолдарға жауаптымыз, ал облыс, аудан және ауыл аралық жолдарға жергілікті билік жауапты", деді ол.

Сондай-ақ, ұлттық компания басшысы жол салуда шетелдік тәжірибені енгізуге қатысты өз пікірін білдірді.

"Әрине, жол салу мен жөндеуде шетелдік тәжірибеге сүйенеміз. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі Еуропадағы жоғары сапалы жол материалдары бізге жарамайды, өйткені біздің елдің климаты бөлек. Сондықтан шетелдік тәжірибе біздің елге әкелінген жағдайдың өзінде оны арнайы сынақтан өткізіп, сараптама жасап өзіміздің ауа райына ыңғайлап қолданамыз", дейді аталған ұйымның басқарма төрағасы.



Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы тұрақты

Экономика • Бүгін, 11:54

Іздеудегі 16 қылмыскер ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 11:10

Бүкіләлемдік экологиялық акция

Экология • Бүгін, 07:56

Коронавирус қайта өршіді

Әлем • Бүгін, 07:42

Үрейге бой алдырмаған жөн

Аймақтар • Бүгін, 07:35

Ширек финалда жеңілді

Теннис • Бүгін, 07:30

Майданда шыңдалған достық

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:29

Әулиеағаш әлі ұзақ жасайды

Туризм • Бүгін, 07:12

Агротуризм адымдары

Туризм • Бүгін, 07:10

Ұқсас жаңалықтар