БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күні бүгінге дейін 1060 автокөлік иесіне сары нөмір берілді.
Соның ішінде 40-ы өзге өңір азаматтарының атына тіркелді. 68 автокөліктің рульдік басқару құралы қайта жабдықталды.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №553 қаулысына сәйкес 20 мамырдағы №306 қаулыға өзгерістер енгізілді.
Енді азаматтар Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақтан басқарылатын автокөліктерін 2021 жылғы 1 наурызға дейін тіркей алады.