Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2020

ҰҚК ерекше ұйымдасқан қауіпті топты жойды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының ҰҚК елорда аумағында бопсалау, рейдерлік және заңсыз қару-жарақ айналымымен айналысқан қылмыстық топтарды жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК ерекше ұйымдасқан қауіпті топты жойды

Қылмыстық топтар осы уақытқа дейін "Алибовские", "Ибрагимова" және "Махмудова" атауларымен әрекет еткен. Олар кеше, яғни 2020 жылдың 11 қыркүйегінде қолға түсті.

Аталған топтардың 12 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды. Айта кетерлігі, олардың бірі террористік сипаттағы бірнеше қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген.

ҰҚК мәлімдеуінше, ауқымды операция шеңберіндегі тұтқындау жұмыстары  Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларында бір уақытта жүргізіліпті. Қазір осы операция бойынша тергеу шаралары жалғасуда. 

Айта кетейік, қылмыстық топтан атыс қаруы мен жарылғыш құрылғылардың үлкен арсеналы табылған.