Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2020

Алматыда ер адам көпірден секіріп кетті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көпірден секірген ер адам жүріп келе жатқан көліктің астына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматыда ер адам көпірден секіріп кетті

Оқиға бүгін сағат екі кезінде тіркелген. Видео алдымен Instagram-да жарияланды. Полицияның хабарлауынша көпірден секіріп кеткен адам Павлодар қаласының тұрғыны болып шыққан.

"Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы автокөлік көпірінен О. атты азамат секіріп кетті. Ол мас болған. Медициналық бригаданың күшімен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Сол жерде істің мән-жайы анықталады", деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы, оны осы әрекетке кімнің итермелегені анықталатынын жария етті. Алдын ала берілген ақпарат бойынша ер адам үй-күйсіз болған.