Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2020

Ақтөбе облысындағы екі ауылына табиғи газ келді

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Еңбекту және Талдысай ауылдарына табиғи газ келді, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Ақтөбе облысындағы екі ауылына табиғи газ келді

Қуанышты жаңалыққа алдымен Талдысай ауылының тұрғындары куә болды. Аталған ауылда ұзындығы 18 732 м болатын  құбыр арқылы 408 тұрғын үй, 23 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қол жеткізбек. Ауылішілік газ құбырының  алғашқы іске қосу рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты.

Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы Талдысай, Жамбыл, Еңбекту ауылдарына газ құбырын салу жұмыстарына қаражат бөлінген.  Бүгінде аудан тұрғындарының 47,8%-ы  көгілдір отын игілігін көруде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 56,4 пайызға дейін жеткізіледі. 

а

Жұмыс сапарын Еңбекту ауылында қорытындылаған облыс әкімі елдімекен тұрғындарының көптен күткен қуанышына ортақтасып, газ құбырының іске қосылуына куә болды. Мұнда 59 млн теңгеге іске асырылған  газ құбырының ұзындығы 6,4 км құрайды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданының басшысы Дархан Ермағанбетовке индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мен  мемлекеттік және жеке әріптестік шеңберінде жобаларды іске асыруды, шағын және орта бизнес саласын дамытуды тапсырды.