Жуалы аудандық орталық ауруханасына осы ауданының тумасы, бүгінде сингапурлық меценат, "Kusto Group" компаниясының басқарма мүшесі Талғат Турумбаев жалпы сомасы 101 миллион теңгеге бағаланатын коронавируспен күреске арналған медициналық заттарды сыйға тартты.
Жомарт жанның тарту еткен заттарының ішінде 1,5 млн теңгеге жұқпалы аурулар бөліміне оттегі жүйесі мен 30 оттегі баллоны, 39 млн теңгеге жаңа реанимобиль, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, 5000 дана №95 респираторлар, 10 дана оттегі концентраторлары бар.
Сонымен қатар, меценаттың көмегімен қосымша жылжымалы рентген аппараты мен өкпені жасанды жеделдету құрылғысы әкелінеді деп күтілуде.