Іс-шара отбасы институтын насихаттау, көпбалалы аналарға көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шараға көпбалалы аналар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен белсенді қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
"Отбасы күніне орай қоғамда белсенді жұмыс атқарып, еңбекте табысты болған, іскер әйелдердің фотокөрмесін ұйымдастырып отырмыз. Барлығы 24 әйел мен олардың отбасыларының фотолары бар. Ассамблея жанында бірнеше қоғамдық құрам қызмет атқарады. Солардың бірі әрі бірегейі елордалық ҚХА-ның Аналар кеңесі. Кеңес мүшелерінің фотосуреттері де осы көрмеге қойылған", деді Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ләззат Құсайынова.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Мерекелік арнайы шығарылған төсбелгілерді Аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне көрме аясында Ләззат Құсайынова табыстады. Олардың қатарында Наталья Рудой, Сарсенгуль Зиявдинова, Камета Ибраева, Ханифа Мациева, Шапаат Нурахунова бар.
"Аналар кеңесі алға қойған барлық міндеттерді іске асырып келеді. Елімізде орын алған төтенше жағдайларға қарамастан, қоғам белсенділері саналатын нәзік жандылар қайырымдылық іс-шараларымен қатар, психологиялық қолдау көрсету функциясын атқарды. Бүгінгі фотокөрме, бүгінгі әйелдер - ана өз жанұясын қорғаушы екенінің дәлелі", деді Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Тәңірбергенова.