Әлем • 13 Қыркүйек, 2020

"Көшпенділер жері" картинасы Венеция кинофестивалінде бас жүлде алды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

77-ші Венеция кинофестивалінің "Алтын арыстаны" "Көшпенділер жері" картинасына табысталды. Басты рөлді Фрэнсис Макдорманд сомдаған. Қытайлық режиссер Хлоя Чжаоның жұмысы конкурс бағдарламасының үздік фильмі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Көшпенділер жері" картинасы Венеция кинофестивалінде бас жүлде алды

Жеңімпаздарды жариялаудың салтанатты рәсімі сенбі күні фестиваль сайтында онлайн өтті. Чжао мен Макдорманд фильмнің кейіпкері Американы аралаған вагоннан эфирге шықты.

Үздік режиссура үшін берілетін "Күміс арыстан" жапониялық Киеси Курасаваның "Тыңшының әйелі" фильміне бұйырды. Ал ресейлік режиссер Андрей Кончаловскийдің "Құрметті жолдастар!" фильмі арнайы сыйлық алды.