Елорда • 13 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда көпір үстіне шыққан екі жігіт құтқарылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері көпірден жас жігіттерді түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда көпір үстіне шыққан екі жігіт құтқарылды

"Видеобақылау камераларын тексеру барысында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жедел басқарма орталығының инспекторы Қабанбай батыр даңғылындағы атокөлік көпіріндегі аркаға шығып кеткен екі адамды байқап қалған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 25 жастағы екі жігітті ұстады. Ұсталған кезде олар мас болған. Ұсталған жігіттердің айтуынша, олар биіктікке шығу үрейін жеңу үшін көпірге шығып алған", деп хабарлайды департаменттен.

Ішімдік ішіп алып, қоғамдық орында жүргені үшін жас жігіттерге 5 АЕК-тен айыппұл салынды.