Спорт • 13 Қыркүйек, 2020

Хабиб Нурмагомедов карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов кәсіби карьерасын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы Vesti.kz басылымы жазды.

Хабиб Нурмагомедов карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Хабиб Нурмагомедов қазан айында америкалық Джастин Гэтжимен кездеседі.

"Карьераңды қашан аяқтайсың?" деген сұрақ көп. Адамдар менің жеңістерімнен шаршағанын түсінемін, жаңа бір нәрсені қалайды. Әзірге денем осал емес, одан сайын шынығып жатырмын, карьерамды аяқтауға қатысты нақты шешім жоқ. Мен әлі қарсылас бола алатынымды, өз салмағымда мықты бола алатынымды және ауыр жаттығуларды қабылдай алатынымды сеземін, кету туралы ойлаған да жоқпын.

Жай жаттығу және жоғары дәрежеде қарсыласу - екі нәрсе. Қандай да бір күтпеген жағдай болып қалмаса, әрдайым жаттыға беремін. Онсыз мен депрессияға түсемін, маған үнемі бірдеңе істеу керек - бассейн, велосипед, жүгіру. Әрдайым осылай болады. Бірақ үнемі форманың шыңына шығуға болмайды. Және өзімнің әлсірей бастағанмды түсінгенде мен де кетемін", деді Хабиб.

Еске салайық, қазір Хабиб Нурмагомедов БАӘ астанасында жаттығып жатыр. Ол 24 қазанда болатын UFC 254 турниріне дайындалып жатыр.