Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, елде коронавирус жұқтырғандар саны 4 754 356-ға жетті. 78 586 науқас қайтыс болды, оның ішінде соңғы тәулікте 1 114 адам көз жұмды.
Ал 3 702 595 үндістандық аурудан айықты. Махараштра штаты пандемиядан көп зардап шеккен штат болып отыр. Одан кейін үш аймақ: Андхра-Прадеш, Тамилнад және Карнатака тұр.
Хопкинс университетінің деректеріне қарағанда, Үндістан дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр.