Кездесу бастала сала айдын иелері ойын тізгінін қолына алды. Нәтижесінде елордалық хоккейші Даррен Диц 2-минутта «Барысты» алға шығарды. Алайда араға 3 минут салып «Динамо» хоккейшісі Дмитрий Яшкин таразы басын теңестірді. Ойынның 9-минутында «Барыс» тағы алға шықты. Голдың авторы – Кёртис Валк.
Екінші кезеңнің 28-минутында ресейліктер сапында Теему Пулккинен есепті теңестірді. Бұдан кейін «Барыс» тағы екі шайба соқты. Ойынның 31-минутта Линус Виделль мергендік танытса, 37-минутта Даррен Диц кездесудегі екінші голдың авторы атанды.
Алайда үшінші кезеңде «Динамо» екі шайба соғып кетті. Вадим Шипачёв 51, 59-минуттарда мергендік танытты.
Овертаймға жалғасқан кездесуде «Динамо» жеңіс шайбасын соғып 5:4 есебімен басым түсті.