Футбол • 14 Қыркүйек, 2020

«Химкидің» намысын қорғайды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масының ойыншысы Исламбек Қуат Ресейдің «Химки» командасының намысын қорғайды.

«Химкидің» намысын қорғайды

Клуб сайтының хабарлауынша медици­налық комиссиядан өткен жерлесіміз ресми түрде команда құрамына қосылды.

«Химки» клубына ауысқан Исламбек алғашқы матчын да өткізіп үлгерді. Ре­сей Премьер-лигасының 7-тур аясында Ека­теринбургтың «Урал» командасына қарсы шыққан «Хим­ки» 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Қуат негізгі құрамға шығып, жасыл алаңда 90-минут бойы ойын өрнегін көрсетті.