Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында көне Түркістанның Күлтөбе қалашығын зерттеу кезіндегі тың жаңалықтар мен оларды зерделеу жолдары туралы айтылды.

«Күлтөбе қалашығының тарихи объектілерін қалпына келтіру» жобасы 2019 жылы бастау алып, 200-ге жуық жұмысшы жыл көлемінде көптеген маңызды объектілер мен жәдігерлерді зерттегені белгілі. Биылғы жылы тарихи орынды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен облыстық, қалалық Жастар ресурстық орталықтарының басшылары арасында түзілген меморандумға сәйкес ерікті жастар да қосылды.
– Археологиялық игеру жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен әртүрлі кезеңге жататын бірқатар археологиялық нысандарда топырақ қабаттарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқалық кескінді қалпына келтіру үшін ежелгі Түркістан қалалық сәулет өнерінің маңызды архитектуралық үлгілері болып саналатын, ерекше қорғалатын нысандар анықталды. III-IV ғасырлардағы алтыннан жасалған әйелдердің зергерлік бұйымдары, ертедегі және орта ғасырдағы керамиканың түр-түрі, діни мазмұндағы ежелгі кітаптар табылды. Жоба барысында табылған барлық құнды археологиялық олжа зерттеліп, каталогы жасалып, қалпына келтірілуде. Олардың барлығы мұражай коллекцияларының бір бөлігіне айналады, – деді А.Хазбулатов.
Жоба жетекшісінің айтуынша, жоба үш жылға, яғни 2019-2021 жылдарға жоспарланған. Қалашықтың жалпы аумағы – 27 га. Аталған аумақ әр жылға 9 гектардан бөліп қарастырылған.
Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ЖШС қолға алған жоба «ERG» корпоративтік қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асуда.
Бұл табылған заттар Сармат-Каңлы дәуірінің (II-III ғасырлар) бұрын табылған ежелгі цитаделімен қатар, II-XIX ғасырлар аралығында Күлтөбе тарихи-мәдени ландшафтының негізгі төрт кезеңін нақты ажыратуға мүмкіндік береді. Археологиялық және тарихи-мәдени зерттеулерге сүйене отырып, Күлтөбе қалашығының дамуын мына кезеңдерге бөлуді ұсынуға болады: – ерте кезең (II-IV ғасырлар) – Сармат-Каңлы дәуіріндегі діни және рухани орталық; – екінші кезең (VII – IX ғасырлар) – түркі дәуіріндегі кішігірім қоныс; – үшінші кезең (Х – ХІІІ ғасырлар) – ортағасырлық кезең (қалалық мәдениеттің дамуы және Қожа Ахмет Ясауи дәуірі); – төртінші кезең (XVI – XIX ғасырлар) – Қазақ хандығының кезеңі (маңызды
саяси және экономикалық орталық, мәдениеттердің тоғысуы, Түркістан – Қазақ хандығының астанасы, қазақ-жоңғар соғыстары кезінде құлдырап кеткен толыққанды қалалық инфрақұрылым).
Баспасөз мәслихаты барысында әлемге танымал археолог Майкл Янсон бейнежазба жолдап, «Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасын әлі де жалғастыру керектігін айтты.
«Бұл жерде түркі мәдениетінің тарихы қордаланып жатыр. Сол замандағы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тануға болады. Егер де ежелгі ескерткішті ашпасақ, зерттемесек, онда Түркістан қаласының пайда болу тарихы ғылымнан жасырын қалады. Ал енді ескерткіштерді ашса, оларды ашық аспан астында қалдыруға болмайды. Табиғат құбылыстарының әсерінен олар жылдам бұзылып, жоқ болады. Осыны ескерген дұрыс. Біз болашақ үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет», – деді М.Янсон.
Айта кетсек, Күлтөбе қалашығына алғашқы археологиялық зерттеу жұмыстары 2010 жылы белгілі қазақстандық ғалым Ерболат Смағұловтың бастамасымен жүргізіле бастаған. Кейін археологтар Күлтөбе – Ясы (Түркістан) қаласының ең ежелгі бөлігі екенін анықтаған. Біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырға жататын ғибадатхана мен бірқатар архитектуралық құрылымдардың табылуы Ясы қаласының тарихын тағы мың жарым жылға ұзартып, Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін қалыптастыратын аспектілерді қайта қарауға алып келді. 2017 жылы нысан ғалымдардың назарын өзіне аудартып, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының басшылығымен шағын ғылыми жоба аясында қолға алынды. Ал былтырдан бері «ERG»-дің қаржылай қолдауымен қалашық толыққанды зерттеле бастады.
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Бензин бағасы кетті шарықтап...
Қазақстан • Кеше
Балаларға жанашырлық – бәрімізге ортақ міндет
Қоғам • Кеше
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Азия чемпионатында алты жүлде бұйырды
Спорт • Кеше
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Кеше
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Кеше
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Кеше
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Кеше
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Кеше
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Кеше
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Кеше
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Кеше
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Кеше
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Кеше
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Кеше
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Кеше
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Кеше
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Кеше
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Кеше
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Кеше
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Кеше
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Кеше
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Кеше
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Кеше
Руханият • Кеше
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Кеше
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар