Оқиға • 14 Қыркүйек, 2020

Жамбылдық тұрғыннан 7 келіден аса марихуана табылды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының 30 жастағы тұрғынынан жеті келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жамбылдық тұрғыннан 7 келіден аса марихуана табылды

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде "Қарасора-2020" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері Меркі ауданы, Тәтті ауылының маңындағы құмға жақын аумақта 30 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Одан жеті келіден астам кептірілген марихуана табылды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.