Қазақстан • 16 Қазан, 2020

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК 17-19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Аптаның соңында республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон жырасы әсер етеді, бұл жауын-шашын, желдің күшеюін, сондай-ақ ауа температурасының одан әрі көтерілуіне әкеледі.

Алайда, 18 қазанда Солтүстік-батыс антициклонының басып кіруінен туындаған суық елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына түседі. 19 қазанда ол елдің орталығы мен шығысына жетеді. Ауа температурасының күрт төмендеуі түнгі уақытта 0-8 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жылы және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", делінген хабарламада.