12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков ұсталды.
"Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады, атап айтқанда, 2018 жылы "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласының ірі панельді тұрғын үйлерін салуға бөлінген бюджеттік ақша қаражатын жымқыру және алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен күдікке ілінді", деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңгеге залал келтірілді. Қазіргі уақытта жақсылық Шалабеков соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде және облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.