Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2020

Шымкент - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақта жолаушылар жанжал шығарды

1264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік полицейлері Шымкент әуежайында әкімшілік құқықбұзушылық жасаған екі ер азаматты әуе рейсінен түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақта жолаушылар жанжал шығарды

12 қыркүйек күні сағат 23:55-те Шымкент қалалық әуежайының Желілік полиция бөлімшесіне "Fly Arystan" әуекомпаниясының өкілінен Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстің салонында құқықбұзушылардың бар екендігі туралы хабарлама түскен. 

Көлік полицейлері тексеру барысында орын үшін туған жанжал кезінде өздерін дөрекі ұстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан 34 және 40 жастағы екі азаматты анықтады. Акт бойынша екі құқықбұзушы ұшақтан түсірілді.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің екі бірдей бабымен, атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық және ҚР ӘҚБтК-тің 566 бабымен, яғни ұшақта мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Оларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материал Шымкент қалалық мамандырылған ауданаралық сотына жолданды.