Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Атыраудың ауасын кім ластады?

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғатқа жасалған тағылықтың кесірінен Атыраудың ауасы жиі-жиі ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудың ауасын кім ластады?

Біресе күкірттің иісі қолқаны қабады. Енді бірде қамыс өртеніп, көк жүзін қара түтін қаптайды. Енді міне, тағы да қара түтіннің будақтағаны анықталып отыр.   

"Экология департаменті әлеуметтік желілердегі жазбаларға мониторинг жүргізу кезінде Қарабатан елді мекені  аумағында атмосфералық ауада қара түтін іздері бар ластаушы заттардың шығарылғанын анықтады. Осыған байланысты ведомство қызметкерлері мобильді жылжымалы зертханамен  Қарабатан елді мекенінің аумағына барды.

1

Ауаны ластаушы шығарындылардың (қара түтіннің) көзі Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компаниясының филиалы "Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының факельді қондырғысы екені анықталды. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері санитарлық қорғаныш аймағы шекарасының іргелес аумағында атмосфералық ауаны өлшеді. Осыған байланысты өнеркәсіптік нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", деп хабарлады Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі.