Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, сағат 14 қыркүйекте түнгі 1:15-те өрт туралы хабар келіп түскен. Белгілі болғандай, өрт Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы, 567 мекенжайында орналасқан жазғы алаңы бар "Кахури" кафесінде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде "Кахури" дәмханасы мен оның қасындағы жазда отыратын орын өртеніп жатқан. Тілсіз жау ғимараттың шатырын шарпып үлгерген. Дәмхананың ішкі қабырғалары ағаштан жасалғандықтан өрт жылдам тарап кеткен.
"Жақын арадағы үйлерді өрттен сақтау мақсатында екі топ жұмыс істеді. Ғимарат ішінен 50 л үлкен газ баллоны шығарылды. Соның арқасында жарылыстың алдын алдық", - делінген хабарламада.
Қызыл жалын 24 минут ішінде 465 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.