Тағайындау • 14 Қыркүйек, 2020

АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы тағайындалды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ернұр Рысмағамбетов АХҚО әкімшілігін басқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы тағайындалды

Ернұр Бүркітбайұлы Рысмағамбетов 1986 жылы 28 сәуірде Жезқазған қаласында дүниеге келген. Калифорния технология университеті мен Лондон университеттік колледжінің түлегі, қаржы аналитигі маманы (CFA Charterholder).

2017-2019 аралығында АХҚО Үздіксіз кәсіптік даму бюросы (AIFC BCPD) директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап "АХҚО Әкімшілігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Бұрындары JP Morgan Chase инвестициялық банкі мен Wilshire Associates, Inc инвестициялық компаниясының аналитикалық бөлімдерінде еңбек етті.

2017 жылы "100 жаңа есім" жобасының бірінші толқынына енді. 2020 жылы Президенттік жастар кадр резервінде екінші орын алған.