Автомобиль жарығынан көзі қарыққан тағы жүк көлігінен қашып үлгере алмай қалған. 38 жастағы жүргізуші психологиялық соққы алғанымен дене жарақатынан аман. Оқиға туралы ол өзі 102 қызметіне хабарласқан. Соққының қатты болғаны сондай жануар сол жерде мерт болған.
Ал сенбіден жексенбіге қараған түні Айыртау ауданындағы Айыртау ауылына жақын жерде кенеттен жолға шауып шыққан жылқы "Лада-ВАЗ" машинасына соғылған. Нәтижесінде ВАЗ-21015 автомашинасының 35 жастағы жүргізуші мен 18 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Учаскелік полиция инспекторымен жылқының иесі анықталып, Әкімшілік кодекстің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
"Өкінішке орай, жабайы жануарлар да, үй жауарлары да жол-көлік оқиғаларының жасалуына себепші болып жатады. Олар кенеттен жолға жүгіріп шығып, жүргізушілер үшін үлкен қауіп тудырады. Мұндай жағдайларда қырағылық пен жылдамдық режімін қатаң сақтау ғана жол-көлік оқиғасының алдын алады", - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
Солтүстік Қазақстан облысы