Медицина • 15 Қыркүйек, 2020

19 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Елімізде МӘМС жүйесі енгізілген жарты жылдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмек ақысы үшін елордадағы медицина ұйымдарына 19,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді» деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

19 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Осылайша 6 ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС-ке 12 млрд теңгеден астам сомада жарналар мен аударымдар түсті.

2020 жылдың 6 айының қоры­тын­дысы бойынша елорда­дағы МӘМС пакеті аясында көр­сетілген медициналық қызметтер үшін 19,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Төлем халыққа көр­сетілген медициналық қыз­мет­тердің көлемі мен сапасына мо­ниторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Кли­никалық хаттамаларды және ем­деуге қажетті талаптарды сақ­тай отырып, факті бойынша көр­сетілген және құжатпен рас­талған қызметтерге ғана төленеді.

Жарты жылдағы шығындардың басым бөлігі, 9 млрд теңгеден астам сома – стационарлық меди­циналық көмек төлемі. 6 ай ішінде жоспарлы түрде елорда стационарларында 33840 адам емделді.

Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 2,9 млрд теңге төленді.

МӘМС жарналары мен аударым­дары Әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қорының өзіне емес, Ұлттық банктегі арна­йы шотқа түседі. Сол жерден қара­­жат МӘМС пакеті бойынша көр­сетілген медициналық қыз­меттер ақысы ретінде Қордың қызмет жеткізушілеріне – медицина ұйымдарына жіберіледі.

Бірінші жартыжылдықта бар­лық азаматтар МӘМС жүйе­сінде шартты түрде сақтанды­рыл­ды және оларға кепілді көмек аясын­да да, МӘМС аясында да ме­ди­циналық қызметтер қолжетімді болды.

Сонымен қатар 8269 адам құны 1,5 млрд теңгеден асатын меди­циналық оңалтудан өтсе, 1589 азамат 4,5 млрд теңгеден ас­там сомаға жоғары техноло­гия­лық медициналық қызмет алды.

Екінші тоқсанда карантин шеңберінде жоспарлы түрде ме­дициналық көмек көрсетуге шектеу қойылғаны естеріңізде болар. 1 тамыздан елордадағы клиникаларда жоспарлы медицина­­­лық көмек қайта басталды, сон­дық­тан екінші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген ме­дициналық қызметтер бойынша көрсеткіштер өседі деп күтілуде.