Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020

Тіркелу үшін емхананы таңдауға болады

431 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) тұратын аумағы шегінде еркін таңдау бо­йынша жыл сайынғы кампания басталады. Сіз оған екі ай ішінде – 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тіркеле аласыз.

Тіркелу үшін емхананы таңдауға болады

Дәрігер тіркелген пациент­тердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жері­не жақын жерде таңдау ұсыны­лады. Бұл жағдайда, қажет бол­­ған­да, емхана дәрігерлері па­циент­тердің үйіне бара алады, бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды.

«Кампания кезінде МСАК ұйы­мына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап медициналық көмек ала бас­тайды. Бұл ретте медицина­лық ұйым қормен алдағы жылға арнал­ған тегін медициналық кө­мек­тің кепілдік берілген кө­лемі шеңберінде және МӘМС жү­йесінде алғашқы медици­на­лық-әлеуметтік көмек қыз­мет­терін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қоры­тындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор дерекқорының абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді», деп тү­сіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында.

Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады.

Электронды үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көр­сететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қа­жет. Емхана пациент туралы ақ­­па­ратты мемлекеттік ақпа­рат­­тық жүйелерден автомат­ты түрде алады. Операция сәтті бол­ған жағ­дайда азаматқа меди­цина­лық ұйым­ның ЭЦҚ қойылған элек­трон­ды құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.

Халықтың жекелеген санат­тары тікелей емханаға тір­­келе алады. Ол үшін еркін ны­сан­дағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Бұл санаттарға зейнеткер­лер, мүгедектер, заң бойын­ша бала кезінен мүгедекке таға­йын­­далған қамқоршылар, сон­дай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәр­биешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.

Тіркеу науқаны Денсау­лық сақтау субъектілерінің дерек­қорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Меди­цина­лық қызмет көрсетуге үміт­кер медициналық ұйымдар арасын­да ғана жүргізілетінін атап өте­міз. Тіркелу үшін қолжетімді емха­налардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.

Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханада қызмет көрсетуді жал­ғастырады.

Қыркүйек айындағы жағдай бойынша 231 мыңнан астам адам МСАК ұйымдарына тіркел­ме­ген күйінде қалып отыр. Меди­циналық көмектер құр қалмау үшін олар­ға тікелей тұрғылықты жері бо­йын­ша емханада немесе ЭЦҚ арқылы электронды үкіметтің веб-порта­лын­да тіркелу мәртебесін тексеру ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, сақ­­тандыру мәртебесіне қара­мастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жос­парлы емдеуге жатқызу, бейін­ді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақ­тандыру мәртебесін Элек­тронды үкімет порталында, қор сайтында және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы білуге болады.