Медицина • 15 Қыркүйек, 2020

Тұмауға қарсы екпе басталды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 тудырған пандемиядан толық арылмай жатып, маусымдық тұмау бас­талса не болады деген қауіптің кімнің де көңілінде бары анық.

Тұмауға қарсы екпе басталды

Биыл елордалықтарды тұмауға қарсы вак­ци­на­циялау үшін 110 мың доза вакцина сатып алынды, деп хабарлайды Нұр-Сұл­тан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау бас­қармасы. Тұмауға қарсы екпе астана­лық­тар­ға тіркелген мекенжайы бойынша жер­гілік­ті алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. Қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасы екпенің бірінші кезек­те қандай санаттағы адамдарға салынатынын айтты. Олар – созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; медициналық қызмет­керлер; жүкті әйелдер (жүктіліктің алғашқы 2-3 айы); жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, үй, интернат); ересек мүгедектер мен созылмалы аурулары бар балалар; 60 жастан асқан қарт адамдар көрінеді.

«Қазақстанда жыл сайын тұмауға қарсы жаппай иммундау тұмаудың эпидемиялық таралуы және өлім мен асқынулардың деңгейін төмендету мақсатында жүргізіледі. Вакциналауда ағзаға инфекциялық агент бөлшегі енгізіледі. Ол инфекциялық агент ауруды тудыруы мүмкін емес, бірақ ағзада антиденелерді шығаруға ынталандыруы мүмкін», дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы Фатима Смағұлова.

Назар аударатын жайт, вакциналау оған қарсы көрсеткіштері бар адамдарға жасалмайды. Егер ағзада өткір вирустық инфекция болса (тамақ ауруы, жөтел, безгек), онда екпе алуға болмайды. Сондай-ақ созылмалы аурулардың өршуі кезінде де вакциналаудан уақытша бас тартуға тура келеді. Екі жағдайда да пациенттер сауыққаннан кейін немесе созылмалы аурудың тұрақты жақсаруынан кейін вакцинацияланады, дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау қызметіндегі мамандар.