Спорт • 15 Қыркүйек, 2020

UFC «ұрысы» көрерменсіз өтеді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов пен Джастин Гетдже арасындағы титулдық жекпе-жек көрерменсіз өтеді.

UFC «ұрысы» көрерменсіз өтеді

Жекпе-жек 24 қазанда БАӘ-нің Әбу-Даби қаласындағы Fight Island аралында өтеді және UFC 254-тің басты жекпе-жегі болады.

«Жекпе-жектен екі апта бұрын Әбу-Да­би­де болуымыз керек еді. Бірақ біз жергі­лікті климатқа тезірек үйренісу үшін 40 күн бұрын ерте келдік. Қазан айының соңына дейін толығымен дайын боламын. Турнир жанкүйерлерсіз өтеді. Сондықтан туыстарым мені аренаның қасындағы қонақүйде күтеді», деді Хабиб.

Еске салайық, қазақстандықтар Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов осы турнирде UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар