Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысы қамауға алынды

1687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысы қамауға алынды

"Сот облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровты 2 айға қамауға алуға санкция берді. Олар тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 4-бөлігімен тергеліп жатыр", деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.  

Әкімдік шенеуніктері 10 қыркүйекте ірі көлемде пара алу күдігімен ұсталған еді.