Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің 89%-ы автоматтандырылған

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтің  363 түрі көрсетіледі. Бұл туралы онлайн режімде өткен баспасөз жиынында Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты облыстық департамент басшысы Асхат Ескендіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің  89%-ы автоматтандырылған

"Облыста электронды түрде көрсетілетін 311 мемлекеттік қызметтің 277 түрі немесе 89% автоматтандырылған", - деді Асхат Ескендіров.

Сондай-ақ өңірде әлі күнге дейін автоматтандырылмаған мемлекеттік қызмет түрлері бар. Мысалы, "Жер телімін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін тұрғындар портал арқылы алуы тиіс. Бірақ іс жүзінде бұлай болмай отыр. Департамент басшысы жер телімдеріне кезекке қою және оны пайдалануға беруге қатысты көптеген түйткілді мәселелер туындап, тұрғындардан түскен шағымның жиілеп кеткенін айтты.

Мұндай жағдай қосымша білім беретін мекемелерге қабылдау барысында да кездеседі. Портал арқылы алу мүмкіндігіне қарамастан,  бұл қызмет түрі күні бүгінге дейін автоматтандырылмаған.