Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

"Адалдық алаңы" республикалық кеңсесінің басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төлеген Байғұлов облыстық әкімдікте өткен кеңеске қатысып,  "Адалдық алаңы" республикалық жобалық офисінің жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Адалдық алаңы" республикалық кеңсесінің басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен  өткен шараға өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың басшылары бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

Төлеген Байғұлов: «Күрмеулі мәселелер қордаланып қалған салаларда жұмысты жандандыру, сервистік әкімдіктердің жұмысын тиісті деңгейде жүргізу қажет, халықпен кері байланыс болмаса, мемлекеттік аппараттың жұмысы тиімсіз болады» - деді.

Кездесу барысында екі күн бойы сервистік әкімдіктердің қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындылары талқыланды. Жиын барысында сөз болған мәселелерге қатысты қабылданған шешімдерді Президент Әкімшілігіне ұсынатынын айтқан Т. Байғұлов аудан әкімдерінен орталық ауылдық округтерде сервистік әкімдіктердің ашылуын қамтамасыз етіп, олардың жұмыс сапасын күшейтуді сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50