Оқиға • 16 Қыркүйек, 2020

Буниннің құрметіне – күміс монета

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл орыстың шебер жазушысы, Нобель сыйлығының иегері И.А.Буниннің туғанына 150 жыл толады. Осыған орай Буниннің құрметіне күміс монета шығарылды.

Буниннің құрметіне – күміс монета

Мерейтой қарсаңында 2 рубль номиналындағы күміс монетаны 7 қыркүйекте Ресей банкі 3 мың данамен шығарды. «Ресейдің көрнекті тұлғалары» сериясымен басылған монета «Жазушы И.А.Бунин, туғанына 150 жыл толуына орай» деп аталады. Айта кетейік, бұл игі бастама Буниннің туған күніне, яғни 22 қазанға дейін жасалып отыр.

Монетада ағаштар фо­нын­дағы Буниннің бедерлі портреті салынған. Ал портреттің оң жағына алма ағашының бұтақ­тары бейнеліпті.  Төменде қа­ламгердің қолы мен өмір сүрген жылдары көрсетілген.

Барлығы үш мың данамен шығарылған монетадағы кү­містің таза салмағы – 15,55 г, қорытпа үлгісі – 925.