28 жастағы жартылай қорғаушы медициналық тексеруден сәтті өтіп, екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
Меркель карьерасын Ресейде жалғастыруы әбден мүмкін еді. Футболшы Ресей чемпионатында екінші орында келе жатқан «Сочиге» ауысуға жақын тұрған. Алайда қаржылық шарттарына байланысты келісімшарт жасалмады.
Кеше Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа клубтағы әсерімен бөлісті.
«Мен «Аль-Файсалиге» келгеніме қуаныштымын. Жаңа ел, жаңа сынақ. Жылы ықыласпен қабылдағаныңыз үшін рахмет! Жаңа ұжыммен кездесуге, футбол алаңына шығуға асыға күтіп отырмын», – деп жазды Меркель Twitter парақшасында.