Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2020

Көктөбеде аллигатор қыдыртып жүрген қыз көптің назарын аударды

2098 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Көктөбеге аллигатор алып шығып, қыдырып жүрген қыз көптің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көктөбеде аллигатор қыдыртып жүрген қыз көптің назарын аударды

Видеоны алматылық Максим Виноградов түсірген. Оның айтуынша, қыз аллигаторды жіп арқылы басқарып жүр. Бірақ арасында жануар өздігінен жүрген сәттер болыпты. Кішкентай қолтырауын көптің назарын өзіне аудармай қоймады, дейді куәгер. 

99

"Қыз аллигатордың тұмсығын скотчпен таңып тастаған.  Бұл бір жағынан дұрыс та шығар. Өйткені, оның тістері өткір емес пе? Бірақ, жануарға жаным да ашып кетті. Қыздың айтуынша, аллигаторды үйінде асырайды. Алдағы уақытта тұратын жерін де жақсартып, жағдайын жасайтынын айтты. Бірақ бұл қаншалықты рас екенін білмедім", дейді ол.