Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020

Екібастұзда аулаға кіріп кеткен қасқыр елді шошытты

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда тұрғын үй ауласына кіріп кеткен қасқырды атып тастауға тура келген, деп хабарлайды Egemen.kz

Екібастұзда аулаға кіріп кеткен қасқыр елді шошытты

Көпқабатты тұрғын үй ауласына кіріп, есік алдында жатқан жабайы аңды сол жердің тұрғындары видеоға түсіріп, инстаграмға жүктеген. Бейне-жазбадан ер адамның "қароаңыздар, қасқыр" деген сөзін естуге болады. Артынша есікті қалқалаған адам қасқырға оқ атып өлтіргенін де байқауға болады. 

Желі қолданушылары жүктелген видоға байланысты өз наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, бұл  - панасыз жануарға жасалған қатігездік. 

Жергілікті полиция қызметкерлері өздерінің оқиға орнына барғанын растап отыр. Десе де, олар жануарды атуға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Екібастұз әкімдігінің қызметкерлері жануар эвтанизацияланғанын хабарлады.

"Бүгін таңғы сағат 8-де Екібастұз қалалық полиция бөлімінің кезекшілігіне 22-шағын аудан аумағында қасқыр жүгіріп жүргені туралы қоңырау келіп түсті. Ветеринарлық станцияның мамандары полиция қызметкерлерімен бірге оқиға орнына шығып, жабайы жануарды эвтанизациялады. Қасқырдың мәйіті әрі қарай сараптау үшін ветеринариялық зертханаға жіберіледі", деп хабарлады Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі.