Жедел жеткен қаланың №1 және №2 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері өртте қалған 25 адамды құтқарып, 50-ге жуық адамды эвакуациялады. Солардың ішінде 6 бала эвакуацияланды. Адам шығыны жоқ.
Өрттің шығу себебі алдын ала болжамға қарағанда электр жабдықтарын қауіпті қолданудан туған. Өрттің ошағы бірінші қабаттағы бір бөлме болған. Алайда түтін кіреберістегі барлық пәтерлерге жайылып, тұрғындарды тұншықтыра бастаған. Сондықтан жоғары қабаттағы тұрғындар автосатымен түсірілген. Ал төменгі қабаттағыларды өрт сөндірушілер арнаулы құралдар кигізіп, далаға шығарды.
Өрт түскі сағат 12.30 толығымен сөндірілді. Оның шарпыған аумағы 30 метр. Бұл төменгі қабаттағы пәтердің екі бөлмесі.