Саясат • 16 Қыркүйек, 2020

Қостанайда праймеризге 833 адам қатысуда

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Праймеризге қатысушылардың екінші легі аясында бүгін Қостанайдағы Жастар сарайында ашық жарыссөздер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда праймеризге 833 адам қатысуда

Аймақта партияішілік іріктеудің үгіт кезеңінде 164 пікірсайыс өткізу жоспарланған. Праймеризге жалпы саны 833 адам қатысуда. Олардың бәрі ашық пікірсайысқа қатысуға құқылы.

Бүгінгі дебат барысында үміткерлер билік пен бұқара халық арасындағы байланысты нығайту, жолдардың жөнделу сапасы, кәсіпкерлікті дамыту, азаматтардың азық-түлік себетін еселеу, денсаулық саласын жақсарту сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Партияішілік іріктеу аясындағы алғашқы жарыссөз 14 қыркүйекте облыс орталығында өтті. Пікірсайыс екі кезеңнен тұрады: бірінші раундта үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырады, ал екінші раундта "сұрақ-жауап" сессиясына қатысады.⠀

"Қатысушылардың әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы дайын. Үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы олар ұйымдастыру комитетіне хабардар етеді, материалдарды www.primaries.kz сайтта немесе арнайы мобильді қосымшада орналастырады. Олармен кез келген партия мүшесі таныса алады. Қазіргі таңда біздің қатысушылар әртүрлі қауым өкілдерімен кездесу өткізуде,сондай-ақ облыстық филиалдың әлеуметтік желілеріндегі парақшада тікелей эфирде көрсетілетін қоғамдық пікірталасқа да қатысуда", деді партияның Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Ахметчин.⠀

Айта кету керек, пікірсайыс әр үміткер үшін, үгіт-насихат жұмыстарының міндетті шарты. Ол  онлайн дауыс беру басталардан бір күн бұрын, яғни 30 қыркүйекте аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше