Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020

Теміржолшылар дән риза

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы өз қызметкерлеріне, олардың өмірі мен тұрмысына қамқорлық танытып келеді. Әсіресе, шалғай және ерекше маңызды стансаларда жұмыс іс­тейтін қызметкерлер туралы сөз қозғағанда осыны айтуға болады.

Теміржолшылар дән риза

Жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық же­лі бөлімшесі» Достық стансасын­дағы 68 үйді жөндеу бойынша мердігерлер «Рим строй сервис» ЖШС және «Sunkar Construction Group» ЖШС келісімшарттар жасасты. Сондай-ақ «Теміржолсу» ЖШС 59 көппәтерлі тұрғын үй жертөлесінің ішкі инфрақұ­ры­­лымын ауыстыру жөніндегі ағым­дағы жөндеу туралы келі­сім­шартқа қол қойылды.

«Пандемияға және осындай қиын уақытқа қарамастан, барлық жұмыс мерзімінде атқарылуда. Ең бастысы, адамдарға жайлы да жылы болуы тиіс. Қазір бұған дейінгі жөндеу көрмеген кезбен салыстыруға келмейді. Әл­деқайда әдемі де күтім көрген күйге енген. Үйлердің қасбеттері тіпті де танымастай өзгерді. Тұр­ғындарға өте ұнайды», деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы магистральдық желі» филиалы директорының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Болат Жадранов.

Жалпы, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін дамытуда Дос­тық стансасының маңызы еске­ріле отырып, оған ерекше назар аударылуда. Достық стансасы барған сайын дамып келеді, мұнда көптеген жас мамандар келуде. Қазіргі жағдайға қара­мастан, компания шалғай стан­салардағы лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етіп, өз қызметкерлерінің тұрғын үй жағ­дайларын жақсарту үшін қаражат қарастыруда, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.