Оның құны 800 мың теңгенің маңайында. Осынша астық жетпейтінін бірден көрген ЖШС құрылтайшысы аудандық полицияға жүгінген.
Полицейлер "Астық" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ұрлықтың бетін ашты. Жүргізуші бидайды шығарып, жасырын жерге төккенін және түнде алып кетіп, сатпақшы болғанын айтты. Егіс даласында төгілген астық үйінділері анықталып, қоймаға қайтарылды... Аталған факті сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп, ҚК 188-бабы - "Ұрлық" бойынша іс қозғалды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Сондай-ақ Уәлиханов ауданында да механизатор біршама астық пен жанар-жағармай жымқырған. Оның қылмыстық әрекеттері Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне "Ұсақ-түйек жымқыру" және "Ұрлық" бойынша енгізілді. Астық жинау науқаны барысында механизатор осындай тәсілмен де қосымша табыс таппақшы болған.
Орақ басталғалы облыс аумағында 20 қылмыс тіркелді, оның ішінде жаңа астық ұрлығы – 12, жанар-жағармай ұрлаудың 4 фактісі, сондай-ақ гербицидтер мен ауыл шаруашылық техникасы бөлшектерінің ұрлықтары да орын алды.
Солтүстік Қазақстан облысы