Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Атырауда Жапониямен бірлескен жобалар іске асырылады

1277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде жалпы сомасы 46 млн АҚШ долларын құрайтын  инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Жапониямен бірлескен жобалар іске асырылады

Оған  қазақстандық және жапондық компаниялар онлайн режимде қатысты.

Жапониялық "Tokyo Rope" компаниясы филиалының директоры Азамат Асылбековтің мәліметіне сүйенсек, қол қойылған құжаттарға сәйкес, бір жоба Нұр-Сұлтанда, ал екі жобаны Атырау облысында қолға алу жоспарланып отыр.

Нақтылай айтқанда, Атырау қаласында Жапонияның заманауи медициналық құралдарымен жабдықталатын көпфункционалды диагностикалық орталық ашылады. Келісім аясында қазақстандық медицина мамандары Жапонияда даярлау және тағылымдамадан өтеді. Жобалық құны 25 млн АҚШ долларын құрайтын бұл орталық Қазақстанның ғана емес, таяу  және алыс шет елдердің емделушілер үшін медициналық туризмді дамытуға жол ашпақ.

Сондай-ақ, жапондық озық технологиямен мұнай өңдеу, тау-кен өндіру және құрылыс салалары үшін металл өнімдерін шығаратын зауыт та салынады. Оның құны 8 млн АҚШ долларын құрайды.