Медицина • 17 Қыркүйек, 2020

Алматыда телемедицина орталығы ашылды

17 рет көрсетілді

Алматыда коронавирустың жаңа толқынына дайындық аясында телемедицина орталығы құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында жасалып жатқан шаралар туралы айтты.

Енді алматылықтар медициналық кеңесті телемедицина көмегімен ала алады. Ол үшін Алматыда телемедицина орталығы құрылды. К.Надыровтың айтуынша, аталған орталықтың міндеті - COVID-19 вирусы болуы ықтимал және расталған жағдайлары бар науқастарға кеңес беру және мониторинг жүргізу.

"Бұл COVID-19 вирусын емдеу бойынша бірегей қызмет болып отыр. Ол үшін медициналық ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын бағдарлама әзірленуде. Телемедицина орталығының дәрігері бейнекеңес жүргізеді, науқастың жағдайын бағалайды, ем тағайындап, науқастың электрондық картасына өзгерістер енгізіп отырады. Бұл сонымен қатар барлық COVID-19 жағдайларының бірыңғай электрондық базасы болады", деп түсіндірді К.Надыров.

Сондай-ақ, осы орталықтың маңызды функцияларының бірі – науқастардың карантин режимін сақтауын бақылау. Орталық қызметкерлері амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан науқастарға бейнеқоңырау шалып тұрады.

"Үй режимінің бұзылуы анықталған жағдайда тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаментіне тиісті сигнал беріледі, одан әрі қалалық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сай тәртіп бұзушыға айыппұл жазылады. Тәртіпті өрескел бұзушылар қала емханаларының біріне мәжбүрлі түрде жатқызылады. Бұл - өте маңызды жайт, өйткені біздің міндетіміз - қалада инфекцияның таралу қаупін барынша төмендету", дейді басқарма басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Тыңғылықты дайындық бар

Қоғам • Бүгін, 08:26

Тұтынушыларға тікелей сата алады

Экономика • Бүгін, 08:17

Аймақта діни ахуал тұрақты

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Сүйем сені, беу өмір!..

Руханият • Бүгін, 07:25

Құдықсай ауылы көмір тасып алды

Аймақтар • Бүгін, 07:24

Көпбалалы ананың кір сабыны

Экономика • Бүгін, 07:23

Махаббат сағызы

Руханият • Бүгін, 06:58

Алғаш рет әуеге көтерілді

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Өз еліңдей ел болмас

Руханият • Бүгін, 06:50

Дағдарыс кезіндегі SEO

Технология • Бүгін, 06:34

Түз тағысын тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 06:31

Сібірдің Көшім ханы

Тарих • Бүгін, 06:28

Ұлттық мұраттарға ұмтылыс

Руханият • Бүгін, 06:22

Бақылауда тұр

Экономика • Бүгін, 06:20

Бағаны жәрмеңке «тұсайды»

Аймақтар • Бүгін, 06:18

Жошы ұлысы

Таным • Бүгін, 06:11

Жалған жаланың құрбаны

Тарих • Бүгін, 06:09

Брукс үрейі

Руханият • Бүгін, 06:00

Сүйегі туған жерге жеткізілді

Руханият • Бүгін, 05:52

Көне көліктері көз тартады

Қоғам • Бүгін, 05:47

Табиғатты аялауға шақырды

Экология • Бүгін, 05:38

Ұқсас жаңалықтар