Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, биыл 12 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 9 дәрігерлік амбулаторияны салуға жергілікті бюджеттен 3 миллиард 494,0 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде 10 нысан кіріспе, қалған 2-уі келесі жылға ауысады. Көксу ауданының Көксу станциясында ауысымына 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория және босануға дейінгі емханасы бар 100 орындық перзентхана енгізілді. Биыл тағы 8 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында республикалық бюджеттен 4 медициналық амбулатория мен 1 медициналық орталықтың құрылысына 1 миллиард 621,2 миллион теңге бөлінді. Барлық 5 нысан да биыл пайдалануға беріледі.
Биыл 13 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық пункттің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған нысанның барлығы биыл пайдалануға берілетіндігін атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар 2019 жылы 4 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында 235 дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік және 220 медициналық пункттер бар. Бүгінгі күні тағы 4 және 2 дәрігерлік амбулаторияны, 4 фельдшерлік-акушерлік пунктті күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.