Соңғы 40 жыл ішінде Фини Atlantic Philanthropies қоры арқылы әлемнің әр түрлі қайырымдылық ұйымдарына, қорларына және университеттеріне сегіз миллиард доллардан астам қаражат бөлген. Дегенмен, ол осы жақсылығының барлығын жария етпей, атын жасырып жасап келген. Финидің айтуынша, ол өзі мен әйелі үшін зейнетке шығу үшін 2 миллион ғана қалдырыпты.
"Біз өмір бойы көп нәрсені үйрендік. Артқа көз тастап, біраз дүниені басқаша жасауға болар еді-ау деп те ойлаймын. Бірақ, ерте ме кеш пе, қолымнан келгенше мақсатыма жеткеніме қуаныштымын", деді ол.
Бір қызығы, сәні мен салтанаты жарасқан дүние-мүлкінің молдығына қарамастан, Фини аскетикалық өмір салтын ұнатады. Ол Сан-Францискодағы қарапайым пәтерде өмір сүреді. Тіпті оның тұратын жері студенттік жатақханадағы бөлмеге ұқсайды екен.