Медицина • 18 Қыркүйек, 2020

Індет жұқтырған қанша медицина қызметкері төлем алғаны белгілі болды

27 рет көрсетілді

1,6 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"COVID-19-бен күресуге тартылған 1646 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 22 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды", делінген таратылған ақпаратта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

"18 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1646 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 22 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды", делінген хабарламада.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (369) және Нұр-Сұлтан (340), Шымкент (100) қалалары, Қарағанды (113) және Ақмола (107) облыстары бойынша жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі "Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге  сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан,  вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Соңғы жаңалықтар

Салымшыларға 887 пәтер

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қысқа дайындық толық аяқталды

Аймақтар • Бүгін, 07:46

Қажетті отынның 70%-ы жеткізілді

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Қарсыласы ауырып қалыпты

Спорт • Бүгін, 07:38

Чемпиондар лигасы басталды

Футбол • Бүгін, 07:36

Францияға жол түсіп тұр

Оқиға • Бүгін, 07:33

Бөтенге сәлем

Руханият • Бүгін, 07:19

Қос ішекті қоңырым

Руханият • Бүгін, 07:14

Оңтайлы интеграцияланған жүйе

Экономика • Бүгін, 07:13

Не оқып жүрсіз?

Таным • Бүгін, 07:00

Бейсауат жүріске шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 06:49

Қауіпті індет қайта көбейді

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Жаңа аурухана мен жаңа көліктер

Аймақтар • Бүгін, 06:39

Толық адам танымы

Абай • Бүгін, 06:37

Үміткерлер анықталды

Абай • Бүгін, 06:36

Жетісу қыс маусымына дайын ба?

Аймақтар • Бүгін, 06:13

Қазір көмір арзан сатылып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 06:11

Қаралы қазан

Футбол • Бүгін, 06:00

Ұқсас жаңалықтар