
Б.Байбек әріптестерімен бірге партияішілік праймериз қатысушыларының үгіт-насихат кездесуіне барды. Елорданың Есіл ауданы бойынша 15 кандидат "Nur Otan" партиясының Орталық аппараты жанындағы бастауыш ұйымда өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
"Қатысушылардың әрбірін қолдауға тырыстым, кеңесімді беріп, мәселені нақтылай түсетін сұрақтар қойдым. Үміткерлердің өздерін ұстауын, жұрт алдында сөз сөйлеуін тамашалау өте қызықты болды. Олардың барлығында дерлік қызықты да креативті бейнероликтері, өзіндік "артықшылықтары" бар. Тіпті кейіберулерінің үгіт бағдарламаларымен QR-код арқылы танысуға болады. Қатысушылар арасында қазір қызмет атқарып жүрген депутаттар да, саяси қадамын жаңа бастап жатқан жастар да бар. Сондай-ақ партия құрылған сәттен бастап мүше болып келе жатқандар да, таяуда ғана қатарымызға қосылғандар да кездесті", - деді Бауыржан Байбек.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары сондай-ақ осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа қоныс аударып, кейіннен елге қайта оралған азаматтың балалар мен жасөспірімдер арасында есірткінің таралуына қарсы күресі бойынша келтірген деректері мен ұсынған іс-шаралары жұртшылықтың назарын аударғанын айтты.
Өз бағдарламасында елорданы заманауи урбанистика қағидаттарына сәйкес дамыту мәселелерін өзек еткен ең жас кандидатқа Бауыржан Байбек "Болашақ" қауымдастығы қазақ тіліне аударған "Бақытты қала" деген жайлы қалалық орта құру туралы кітапты сыйлайтын болды.
Оның айтуынша, жалпы, қатысушылар қызықты да жүйелі шешімдерді талап ететін күрделі мәселелерді көтере білді. Олардың қатарында білім және денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік топтарын қолдау, бұқаралық балалар спортын дамыту және басқалары бар. Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, праймеризде айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер әрбір өңір, қала және аудан бойынша әзірленген 216 сайлауалды бағдарламаны пысықтау кезінде ескерілетін болады.
"Әрине, кандидаттар әр қилы. Әрқайсысының дайындық деңгейлері мен жеке бэкграундтары да әр түрлі. Олардың қайсысы жеңіс тұғырынан көрінетінін сайлаушы шешеді. Мұнда бір жайтты анық айта аламын: осынау праймеризден бірінші болып өткендер теңдессіз саяси тәжірибе жинақтап, әр түрлі аудиторияларда сөз сөйлеу дағдысын меңгереді, өздерінің мықты және осал тұстарын аңғарып, тыңдаушыларды өз сөзіне иландырып, өз позициясын дәлелдеу қабілетін ұштайтын болады. Осы орайда кездесуге қатысушылардың бірі айтқан мына бір сөз ерекше есімде қалды. Ол "мен праймеризге депутаттық төсбелгі үшін емес, жұрттың нақты мәселелерін шешуде партияластарымды қолдау үшін қатысып отырмын" деді. Елбасы айтқандай, әділ де тартысты бәсекеде ең лайықтылар жеңіске жететіне сенімдімін", - деді ол.
Айта кетейік, бүгінге дейін "Праймериз" ақпараттық жүйесіне 560 мыңнан астам партия мүшесі тіркеліп үлгерді.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар